Америка ғалымдары зағиптарға арналған планшет жасады

Сәрсенбі, 20 Қаңтар , 2016 9:50

Мичиган университетінің инженерлері көзі көрмейтін адамдарға арнап планшет жасап шықты.

планшет

Брайль шрифтімен жазылған электронды кітаптар өте қымбат тұрады. Өйткені ол электр қозғалтқышпен көтерілетін пластик штифтерді пайдаланады. Бұл құрылғының ақпаратты беру жылдамдығы да баяу. Өнертапқыштар бұл технологияны жетілдіріп, жақсартуды ұсынуда.

Мичиган университетінің инженерлері көзі көрмейтін адамдарға арнап бедерлі әріптердің бір бетін толық беретін толық экранды құрылғы жасау жолын ойлап тапты, деп жазады ресейлік vesti.ru.

Сили О’Модрейн мен оның әріптестері беті жұмсақ дисплейде Брайль әрпін томпайтып шығаратын сұйық пен ауаны пайдаланбақ. Әрбір бедерге келетін сұйық көлемі реттеліп отырады.

Бедерде әріптер ғана емес түрлі күрделі пішін, сурет және графикалар да көрсетіледі.
Планшеттің алғашқы нұсқасы әзірге өте ірі, түрлі құбырлар жалғанған. Оның соңғы нұсқасында құбырларды микроарналар алмастырады.

Қазіп зағиптар мәтінді сөзге айналдыратын бағдарламаны қолданады. Алайда көзі көрмейтін жандар бейнені, формуланы басқа да сөзбен сиппатталмайтын күрделі пішіндерді тек кітаптан ғана оқи алады.

Егер өнертапқыштар барлық нышандарды экранға шығаратын арзан планшет жасап шықса, зағиптарға математика және басқа да ғылымдарды игеруге мүмкіндік туады.

Қазір инженерлер өз құрылғылары 1000 доллар шамасында болады деп отыр. 2013 жылы қолға алынған жоба биыл қыркүйек айында аяқталады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар