Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алуа Қонарованың кенже «ұлдары» YouTube-те «миллионер» атанды (видео)

Шоу-бизнес әлеміне жақында ғана қосылған Renzo тобы YouTube желісінде «миллионер» атанды. Анығында, топтың алғашқы «Bounce» деп аталатын бейнебаянын небәрі төртінші айда миллионыншы көрермен тамашалады.

14135049_1746324398955074_230329710_n

Бұл туралы Алуа Қонарова өзінің желідегі парақшасында мәлім етіп, халықтан сүйінші сұрады.

«Эстрадаға жаңадан қосылған топ үшін жаман нәтиже емес секілді. Алтын жанкүйерлерге рахмет», – деді продюсер. Продюсердің жылы лебізіне тыңдармандар да өз жауабын берді.

«Осындай топ үшін сізге рахмет. Оларды әрқашан қолдайтын боламын, олар өте талантты», «Алуа Қонарова, сізге тәнтімін. Жігіттеріңіздің бәрі талантты», «Керемет ән, тамаша бейнебаян, керемет би», «Құттықтаймыз», «Бұл әлі бастамасы ғана», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Жіберіп алмаңыз: 

Ayumi «бомба» болады деп уәде еткен бейнебаяндарын жарыққа шығарды (фото, видео)

Продюсер Алуа Қонарованың шәкірттері бұдан былай Муз-ТВ-ның сыйлығына қатыспайды (фото)

Әнші Асхат Тарғын тойда асабамен төбелесіп қалды (видео)

Алтынбек Қоразбаев “Ninety one” тобын жақтап сөйледі

 

Талқылау