Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынбек Қоразбаев 70 жасқа толған туған күнін өнер иелерімен бірге атап өтті (фото, видео)

Әнші, сазгер Алтынбек Қоразбаев 70 жасқа толды. Мерейлі тойға өнер майталмандары жиналып, ақ тілегін айтты.

Әншілер желідегі парақшасында өнер иесін туған күнімен құттықтап, ақ тілегін айтты.

“Ақ көкем, 70 жас мерейтойыңыз құтты болсын! Сіздер салған сара жолмен жүріп, берген батамен көгеріп келеміз. “Балаларым, қай саxнаға шықсаңдар да, қай өңірге барсаңдар да осы елге, осы саxнаға тағы келем деген құрметпен, шынайылықпен, жан-тәндеріңмен жұмыс жасаңдар”, деген ақылыңызды ұмытпақ емеспіз. Үлкен-кіші, бай-кедей деп бөлмейтін болмысыңызбен баршаға бағалысыз. Біз сізді қадірлейміз, көке. 100 жасаңыз”, – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Мерейтойға Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Мақпал Жүнісова, “Дос-Мұқасан” тобы, Секен Тұрысбек, Жүрсін Ерман, Бағдат Сәмединова т.б. өнер қаймақтары мен өзге де әншілер қонақ болып келді.

Көкеміздің мерейтойының құтты қонақтары. ☀️

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

 

Тағы да оқыңыз:

Баян Мақсатқызы: Өзі түк бітірмей тұрып біреудің еңбегін жоққа шығаратындар – бейшаралар

Лағудың да шегі бар шығар: Отандық журналист актер Бауыржан Ибрагимовті сынап тастады

Баян Есентаева өмірін өзгерткен оқиғаға қатысты: Бұл құдайдың істеп жүргеніңді тоқтат деп жіберген ескертуі секілді

Дәуренмен қосылмағанын айтқан Ақбота өз шындығын жайып салды (видео)

Талқылау