Алтынай Жорабаева жастарды “Валентин” күнін тойламауға шақырды
Белгілі әнші Алтынай Жорабаева “әулие Валентин” күніне қарсы шығып, жастарды бұл “мерекені” тойламауға шақырды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бұл мерекенің пайда болуы туралы сан түрлі аңыз-әңгіме бар. Оның қайсысының нақты шындыққа жанасатынын әлі күнге дейін ешкім білмейді. Олардың бірнешеуін бұған дейін келтірген болатынбыз.
Әнші Алтынай Жорабаева да өз нұсқасын ұсынды.
Оның пайымдауынша, Валентин есімді дін қызметкері ІІ Клавдий императоры кезінде өмір сүрген. Ол уақытта император бір жыныстылардың үйленуіне қарсы шыққан деседі. Ал Валентин оның үкіміне қарсы шығып, жасырын түрде көгілдірлерді үйлендірумен айналысқан. Ақырында осы үшін басынан айырылған. “Әулие” атауы оған көз жұмғаннан кейін католиктердің тарапынан беріліпті. Мерекені алғашқылардың бірі болып 1970 жылдары американдық көгілдірлер тойлап бастаған. Олардың алғашқылары дәл 14 ақпан күні некелерін заңдастырған.
“Сондықтан да бұл біздің мереке емес”, – деп түйіндеді сөзін Жорабаева.
Оның бұл пікіріне “Меломен” тобынан кеткен Жігер Ауыпбаев та қосыла кетті. Оның пайымдауынша, жүрегі қазақ деп соққан кез келген азамат бұл мерекеге мүлдем көңіл аудармайды.
Жіберіп алмаңыз:
Биші қыз Америкадан Нұрлан Қоянбаевтың “егізін” тауып алды (видео)
“Ninety one” тобының фанаттары мұқтаж жандарды тамақтандырып олардың батасын алды (фото)
Қуандық Рахым өзіне қарата алмаған қызды ақырында тастап кетті (видео)
Тележүргізуші Жанат Бақыт сауатсыз жұлдыздарды сынап тастады