Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Алтын допқа» үміткерлер тізімі анықталды

Француз журналы France Football «Алтын доп» жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады. Биыл бұл марапат үшін Еуропаның үздік клубтарынан таңдалған 30 футболшы таласады.

1475504668_ronaldu

Соңғы бестіктің қатарында – Руй Патрисиу (“Спортинг”, Португалия), Джейми Варди (“Лестер”, Англия),  Серхио Рамос (“Реал Мадрид”, Испания), Луис Суарес (“Барселона”, Испания) бар, деп жазды Дни.ру.

Сондай-ақ, айтулы жүлде үшін төмендегі футболшылар өзара бақ сынасады: Коке, Антуан Гризманн, Диего Годин (барлығы – “Атлетико”, Испания), Гонсало Игуаин (“Наполи”, Италия), Андрес Иньеста, Лионель Месси, Неймар (барлығы – “Барселона”, Испания), Криштиану Роналду, Гарет Бэйл, Пепе, Лука Модрич, Тони Кроос (барлығы – “Реал”, Испания), Кевин де Брюйне, Серхио Агуэро (екеуі де – “Манчестер Сити”, Англия), Пауло Дибала, Джанлуиджи Буффон (екеуі де – “Ювентус”, Италия), Димитри Пайе (“Вест Хэм”, Англия), Уго Льорис (“Тоттенхэм”, Англия), Пьер-Эмерик Обамеянг (“Боруссия” Дортмунд, Германия), Златан Ибрагимович, Поль Погба (барлығы – “Манчестер Юнайтед”, Англия), Роберт Левандовски, Томас Мюллер, Мануэль Нойер (барлығы – “Бавария”, Германия), Рияд Марез (“Лестер”, Англия).

Жіберіп алмаңыз: 

Ғалымдар: футболшылар допты баспен соққан соң миында зиянды өзгерістер болады

Қазақстан құрамасының футболшылары 20 мың доллардан алмақ

Мұсылман әйелдерге арналған спорттық киімдер шықты (фото)

Көру қабілеті минус 17 болатын қазақстандық азамат спортпен айналысып, университетте білім алады

 

Талқылау