Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтын дауыс иесі: Филипп Киркоров Қайрат Нұртастың мақтауын асырды (видео)

Ресейдің Халық артисі Филипп Киркоров Қайрат Нұртасқа деген жылы лебізін білдірді. Қазақ әншісімен мерекелік шаралардың бірінде жолыққан ол Қайратқа “алтын дауыс иесі” деп баға берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Алтын дауыс: Филипп Киркоров Қайрат Нұртастың мақтауын асырды (видео)

Қайрат Нұртас Киркоровпен бірге түскен видеосын желідегі парақшасына жүктеп, мұндай жетістікке әуелі Алланың, екіншіден, қазақ халқының арқасында жеткенін атап өтті.

Ал Киркоров Қайратқа деген көңілінің ақ екенін білдіріп, оның өнеріне жоғары баға беретінін айтты.
“Алтын дауыс, даусыңды сақта, мықтысың, мықтысың”, – деді ол.

Мұны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Көпшілік Киркоровтың өзі мойындаса, Қайраттың да тегін әнші емес екенін атап өткен. Десе де, іштарлық танытып, жағымсыз сөз жаудырғандар да аз емес.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау