Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ: Алматыны жалғыз өзі қанға бөктірген қанішер салафизм ағымының мүшелерімен байланыста болған

Бірер сағат бұрын президент Ақордада шұғыл қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, күш құрылымдарының басшыларынан есеп алды. Басқосуда Ішкі Істер министрі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қанды қырғынның қалай болғанын, тірідей қолға түскен қаскөйдің қандай діни ағымда болғаны да айтып берді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

d130c70ab7f3e5e2f71a045289a8764c

Фото: Akorda

“Бүгін Алматыда, өкінішке қарай, тағы да адам құрбандығына ұшыратқан террорлық акт болды. Зардап шеккендер мен қаза болғандардың жақындарына көңіл айтамын, оларға тиісті психологиялық және материалдық қолдау көрсету керек. Сондай-ақ құқық қорғау органдарына қаладағы құқық тәртібін қамтамасыз ету тұрғысынан барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырамын”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Анығы алматылық атқыш Ішкі Істер бөлімі мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына шабуыл жасамас бұрын бір жезөкшені өлтіргені анықталды.

“Руслан Алпысбайұлы Көлікбаев 1990 жылы 11 маусымда Қызылорда облысында туған. Бұрын Байқоңыр қаласында тұрған екен. Үйленген, қазіргі уақытта Алматы облысы, Іле ауданы, Ынтымақ ауылында тұрып, ұялы телефон саудасымен айналысқан. 2010 жылы 27 мамырда Еңбекші аудандық сотының үкімімен Шымкент қаласында 178 бап, 2 бөлімі бойынша айыпталып сотты болған. 2012 жылы 8 мамырда Қызылорда сотының үкімімен 251 бап бойынша сотталған. Сөйтіп, 2 жыл 11 айға бас бостандығынан айырылған. Колонияда ол салафиттермен араласқан болуы мүмкін, қазір оны анықтап жатырмыз”, – деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақанов.

“Қазір құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр, қаскүнемдердің кім және қандай мақсат көздегенін анықтауда. Жұрт көп жиналатын орындарды қорғап, жараланғандарға медициналық көмек көрсету жөнінде жедел шаралар қабылдау керек. Қылмыскерлерді анықтау үшін шұғыл түрде толық тергеу жүргізу қажет. Сондай-ақ Алматы тұрғындарына тұрақты түрде мәлімет беріп, жалпы қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ету керек. Қауесет таратушылардың аяусыз түрде жолын кесіп, арандатушыларды анықтау маңызды. Алматыдағы және республикадағы барлық азаматтар тәртіпті ретке келтіру үшін ең қатаң шаралар қабылданып жатқанына сенімді болуға тиіс”, – деді Қазақстан Президенті.

Ертеректе хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр.

Сондай-ақ, қала бойынша террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, тұрғындардың үйлерінен шықпауы қатаң ескертілді. Сәйкесінше, қаладағы ірі сауда орталықтары жұмыстарын тоқтатты.

Соңғы ресми деректер негізінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының аты-жөндері жария етілді. Ал Елбасы қанды оқиғаны теракт деп атап, ішкі істер министрін шұғыл түрде Алматтыға аттандыратын болды. Ал шаһарда террорға қарсы операцияның аяқталғаны хабарланды. Сонымен қатар, полиция қаладағы атысты бір ғана адамның ұйымдастырғанын жариялады.

Талқылау