Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық жігіт «қалған тамақты жеп қоям» деп хабарландыру жариялады

Алматылық жігіт желіде «қалған тамақты жеп қоям» деп хабарландыру жариялады.

Дәулет есімді жігіт Алматы тұрғыны Olx.kz порталына ерекше хабарландыру жазды.

“Көп тапсырыс беріп қойдыңыздар ма? Тамақ дәмді болғанымен әрі қарай жей алмай қалдыңыз ба? Жемесеңіз обал болады. Ал, мен сіздерге қалған тамақты жеуге көмектесемін”, –  деп жазылған хабарландыруда.

Желі қолданушылары ерекше хабарландыру жазған жігітті «қарны ашқан студент» деп топшылады. Бұл ақпарат WhatsApp желісінде де тез тарап кетті.

Автордың өзі мұның досының әзілі екенін айтқан көрінеді.

Тағы да оқыңыз:

Футболшылар бапкерінің шашын тақырлап тастады (видео)

Анасы қасына алып жатқан сәбиін басып кетіп өлтіріп қойды

Өскеменде 2 жасар бала өртенген үйден шыға алмай мерт болды

Талқылау