Алматылық таксист әйел жолаушыларды қылқындырып, өлтіре жаздаған

Алматыда такси жүргізушілері жолаушыларды қылқындырып, ұрып-соққан.

Алматылық таксист әйел жолаушыларды қылқындырып, өлтіре жаздаған

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Өткен жылы Алматы қаласының жергілікті тұрғыны белгісіз адаммен алдын-ала келісіп, жеке тұлғаларды тасымалдаумен айналысқан. Олар екі жолаушыға қарақшылық шабуыл жасап, арқанмен қылқындырған. Жүргізушілер онымен қоймай жәбірленушілерге дене жарақатын келтіріп, тонап кеткен.

Қылмыскерлер зардап шеккендердің денсаулығына қалыпты зиян келтіріп, 235 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

«Сот үкімі бойынша айыпталушы Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлігі 1.2-тармағына (алдын-ала ұйымдасқан адамдар тобы бірнеше рет басқа біреудің мүлкін тонау, біреудің өміріне қауіп төндіріп, зорлық-зомбылық көрсету) сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған бес жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді Алматы қаласының Жетісу ауданындағы №2 аудандық соты.

Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің күзет мекемесінде өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: 

Ақтөбеде жалғызбасты әке бұрынғы әйелін ата-ана құқығынан айырып, алимент өндіріп алмақшы

Сағадиев Шымкентте босанған 7-сынып оқушысына қатысты пікір білдірді

Астана медицина университетіндегі дау: Оқудан шығарылған студенттер не дейді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар