Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық кәсіпкер қар тазалаушы жұмысшыларға ыстық тамақ таратып жүр

Алматыда көше бойы жұмысшылар қар тазалау қамына кіріскен. Соған орай алматылық кәсіпкер жұмысшыларға тегін тамақ пен шай таратып жүр, еп хабарлайды Қазақпарат ХАА.

20161121123017

Өткен аптадан бері елорда мен Алматыда жауған қар тұрғындардың тұрмысын тұралатып тастады.

20161121122959

Қар тазалауға жұмысшылар мен арнайы техника құралдар, тіпті тұрғындардың өзі күректеп тазалауға кірісті. Аязда жұмысшылардың қар тазалауы да оңайға соғып жатқан жоқ.

Осы ретте Rumi Group мейрамханалар желісінің басқарушы әріптесі Қуаныш Шонбай жұмысшыларға ыстық шай мен тамақ таратуды жөн көрді.

з

Кәсіпкер әріптестерімен бірге әзірге 200 адамға, алдағы уақатта 2000 адамға ыстық тамақ-шайын тегін беруді қолға алғанын айтады. Ол бұл әрекетінің жарнама үшін емес екенін ескертеді.

Аталған мейрамхана желісінің Астанадағы нүтесі де осындай шара өткізіп, коммуналдық қызметкерлерге шай мен ас таратуда.

Жіберіп алмаңыз:

Әсет Исекешев Астанадағы жанармай тапшылығының себебін түсіндірді

Бренд өнімді жалған нұсқасынан ажыратудың 8 тәсілі (фото)

Әлемдегі ең кішкентай жұп ақыры шаңырақ көтерді (фото, видео)

Құранды сүйген Беларусия президенті сынның астында қалды

Талқылау