Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық Бэтмен костюмінің ұрланғаны туралы шағым түсірді

Алматыдағы Бостандық аудандық полиция бөлімшесіне ұрлық туралы ерекше өтініш келіп түсті. Зардап шегушінің айтуынша түсірілім жұмыстарынан кейін ол Готэм рыцардың киімін орап таксимен үйіне қайтқан.

200

Жүк салғыштағы киімге көлік жүргізушісі қатты қызығушылық білдіріп, ақыры екеуінің арасында дау туындайды. Оқиға шектен асып түсіп, такси жүргізушісі телефонмен таныстарын шақырған. Костюмнің иесі де қарап қалмай досына қоңырау шалады. Түсірілім алаңынан келе жатқан досы Суперменнің киімімен дау болып жатқан жерге жедел жеткен. Ұзын плащ киіп жетіп келген Суперменды көріп қорыққан такси жүргізушісі көлігіне отырып, тайып тұрған. Осылайша бағасы үш мың доллар тұратын Бэтменнің костюмі таксидің жүк салғышында кете барған.

300

Түсірілім алаңында

Абырой болғанда, Бэтмен и Супермен көліктің мемлекеттік нөмірін есте сақтап қалыпты. Әйтеуір, такси жүргізушісі де тез табылып, костюм иесіне қайтқан. Екі тарап бір-біріне таққан айыптарын қайтып алып, тату тарқасыпты.

Талқылау