Алматылық 10 жасар қыз Максим Галкиннің бағдарламасына қатысты

Алматылық цирк әртісі Карина Махпирова “Бірінші канал” арнасында Максим Галкин жүргізетін “Лучше всех” бағдарламасының көрермендерін өнерімен таңғалдырды.

Бұл туралы “Бірінші канал” арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Карина моноциклмен жүреді, шығыршықтарды айналдырады, жонглер жасайды – осының бәрін бір дегенде істей алады! Ол бұл өмірде ең бастысы – тепе-теңдік деп біледі”, — деді жүргізуші Қазақстаннан келген жас әртісті таныстырып.

Бағдарлама барысында белгілі болғандай, Каринаның отбасында цирк әртістері жоқ. Қазақстандық қыз бұл шешімді өзі қабылдап, алға қойған мақсаттарына жетіп келеді.

Карина айтқандай, арманы жаңа моноцикл екен, бағдарлама соңында кішкентай қызға аңсаған сыйлығын Максим Галкиннің өзі табыстады.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық балалар үйінің тәрбиеленушісі халықаралық байқауының келесі кезеңіне өтті

WhatsApp-та үш жаңа қызмет түрі іске қосылды

Аружан Саин ОҚО-дағы балаға қатысты соңғы жаңалықтарды айтты

Қоғам қайраткері Зағипа Балиевадан кешірім сұрады (видео)

Загрузка...
Қазір оқып жатыр