Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балалар үйінің тәрбиеленушісі халықаралық байқауының келесі кезеңіне өтті

Павлодарлық балалар үйінің тәрбиеленушісі Дәулетхан Аханов НТВ арнасындағы “Ты супер!” халықаралық байқауының екінші кезеңіне жолдама алды.

13 жасар Дәулетхан “Ты супер!” халықаралық байқауының алғашқы кезеңінде “А-Студио” тобының “Джулия” әнін орындап, төрешілердің көңілінен шықты. Бұл туралы НТВ арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Дәулетханның өнеріне тәнті болған Сергей Лазарев, Игорь Крутой және Юлиана Караулова секілді ресейлік жұлдыздар қазақстандық балаға дауыс берді.

Ал түймені баспаған продюсер Виктор Дробиш Дәулетханға мейірімділік танытқаны үшін дауыс бермегенін айтты.

«Бұл сайыста сіздер өздеріңізбен бәсекеге түсесіздер және онда ең мықтылар ғана жеңіске жетеді.  Келесі кезеңге дейін сізде бір дауыстың бар екенін есіңізде сақтаңыз. Оны өмір сүру үшін берілетін мүмкіндік деп қолдан»,-  деді Дробиш.

Ал қазылар алқасының тағы бір мүшесі Игорь Крутой әріптесінің бұл пікірімен  келіспеді.

«Бұл екі түрлі қойылым болды – әннің бірінші жартысы және екінші. Әннің екінші жартысында өзіңізді қалай сезінгеніңіз мен үшін Виктор Яковлевичтің (Дробиш) қателескенін дәлелдейді», – дейді Игорь Крутой.

Дәулетхан өнер көрсеткеннен кейін үлкен сахнада ешқандай  қорқыныш сезінбегенін мойындады.

«Өте жақсы нәтиже!» – деді қазақстандық жеткіншек ән орындағаннан кейін.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстан ММА федерациясының президенті Анатолий Ким Зағипа Балиевадан кешірім сұрады (видео)

Айына 2 мың доллар табамын: Қазақстандық жігіт Кореядағы жұмыс туралы айтып берді

Қостанайда жарымжан әйелдің отбасы 10 жылдан бері тар бөлмеде тұрып жатыр

Қостанай облысында жаңа қала пайда болды

Талқылау