Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыға алма апарып сататынбыз: Елбасы әкесі жайлы айтты (видео)

Елбасы бұрынғы “Арай”, қазіргі жаңарған “Жетісу” саябағының ашылуында өз әкесі жайлы айтып берді.

«Менің әкем нағыз бағбан болған адам. Үйіміздің ауласында жеміс ағаштары өсетін. Бір жағы алма ағашы, бір жағы алмұрт, тағы басқа жеміс ағаштары өсетін.  Мен сондай бақ арасында өмірге келген адаммын. Жастайымнан бақты күтіп өстім. Ауламыздың көлемі 25 сотық жер. Ол кезде бұл үлкен аумақ саналады. Әкем ағаштарды қалай түптеп, қалай күту керек екенін үйрететін. Жемістер піскенде теріп алып, жертөлеге сақтаймыз. Кейін көктемде Алматыға апарып сатамыз. Жеміс ағаштарымыз біздің табыс көзіміз болды», – дейді елбасы ағынан жарыла.

Елбасының әңгімесі Ақорданың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау