Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы спорт колледжіне 90-жылдардағы әлімжеттік қайта оралған

Алматыдағы аты шулы республикалық спорт колледжіне 90-жылдардағы әлімжеттік қайта оралған секілді. Мұнда таэковондодан жаттықтыратын бапкерлердің көзі қанап төбелесіп жүрсе, тәлімгерлері өздерінен жасы кішілерге күш көрсетеді деп, ата-аналар балаларының өмірі үшін алаңдап отыр,-деп жазды 31 арна.

Түнгі оннан бастап республикалық спорт колледжіндегі таэквондо залына жиналған ата-аналар балалараның қауіпсіздігіне алаңдаулы. Айтуларынша, мұндағы әлімжеттіктің асқынғаны сонша, оқушыларды үлкендер соққыға жығып жатқанда, бапкерлері қарап тұратын көрінеді.

 

«Барлық балалардың беттері іскен, үстері көгерген. Менің баламның міне басынан ұрған өзінің басы ауыратын. Мына жерінің бәрі көкпеңкөк»,-дейді ата-ана  Қаламқас Бисембаева.

 

Студенттің әжесі мен жаттықтырушының әңгімесі:

— Енді ол таэквондо ғой, спорттан шығар?!

 

— Спорттан емес. Тренировкада болмайды ондай. Ол экспертизадан ертең шығарамыз бәрін.

 

— Сіздің немереңіз ғой, иә?

 

— Менің немерем. Бұл бірінші емес, уже үшінші төртінші мәрте болып жатыр.

 

Ата-аналар бапкерлердің ерегесінен, оқушылардың жаттығуы да нашарлап кетті дейді. Тіпті спорттағы жетістіктерін мақтанып айтып отыратын балалары соңғы кезде тұйықталып, ешкіммен сөйлеспейтін болып кеткен.

 

 

«Тренерлері ма или жаңағы старшактары ма?! Кім білсін, кім қорқытқанын. А сұрасақ ешкім ештеңе айтпайды. Әйтеу таяқ жедік, бітті, бірақ ауыз сөз. Лучше тыныштығы керек»,-дейді Қуан Жиренбаев.

 

Бапкерлер сұхбат беруден ат тондарын ала қашты. Ал колледж басшылығы болса, мәселені тез арада шешеміз деп уәде берді.

 

« Өкінішті жәйт біз үшін. Енді біз осының бәрін түбіне дейін анықтап, мән жайды анықтаймыз. Балаларға жаңағы оларға біз психологиялық көмек көрсетеміз. Және де болашақта біз енді бұндайды болдырмауға тырысамыз»,-дейді Республикалық спорт колледжінің директор орынбасары  Бақытжан Аязбаев.

 

Ата-аналар таэквондодан ел біріншілігінде үлкен жетістікке жетіп жүрген балаларының әлемде де көк туымызды көтергенін армандайды. Тек спорттағы әлімжеттік балалардың болашағына кедергі келтірмесе екен дейді.

Талқылау