Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Орталық стадионның жаңа жобасы таныстырылды (фото)

30 мың адамға лайықталған Алматыдағы Орталық стадионның жаңа жобасы таныстырылды.

 bd8cfb6d0dfe92788e750c0aa56e3b34
Сурет ФК “Қайрат”

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Жыл басында стадионда алғашқы жөндеу-жаңарту жұмыстары жүргізіліп, жаңа төсеніш төселіп, ғимараттың бірқатар ішкі аймақтары жөндеуден өткен. Осыған байланысты “Қайрат” клубы өзінің маусым басындағы төрт ойынан қонақта өткізді. Енді стадиондағы трибуна саны 30 000 орынға дейін жеткізіліп, спорт кешенінің сыртқы келбетін заманауи келбетте өзгертілмек.

9dbfe9344539fe192299f5788f9a7b59

Алматының Орталық стадионы биылғы жылы “Қайраттың” балансына берілген. Футбол клубының 30 пайыз акциясы қала әкімдігіне тиесілі. Бұған дейін “Қайрат” аренаны жалға алу үшін жылына 1,2 миллион доллар жұмсайтын.

photo_184804

Алматының Орталық стадионы 1958 жылы ашылып, футболдан және жеңіл атлетикадан өтетін жарыстарды қабылдай бастаған. Аренаға соңғы рет қайта жөндеу жұмыстары 2010-2011 жылдары жүргізілді. Қазіргі таңда стадионда бір мезетте 23 804 адам матч тамашалай алады.

Орталық стадионда “Қайрат” үйдегі матчтарын өткізеді. “Астана-Арена” ашыламын дегенше Қазақстан ұлттық құрамасының кездесулері де Орталық стадионда өткізіліп келді.

Талқылау