Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы арнайы операция: “Рахат” фабрикасы аумағы қоршауға алынып, Көк базар жабылды

Алматыдағы арнайы операция аясында “Рахат” фабрикасының аумағы қоршалды, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

20160720095310

Алматыда “Рахат” кондитерлік фабрикасы аумағын полиция мен Қарулы күштер қызметкерлері қоршап алды. Мақатаев көшесіндегі автокөлік қозғалысы тоқтатылды.

20160720100107

Куәгерлердің айтуынша сол жерде жедел жәрдемнің бірнеше бригадасы, газ қызметкерлері мен құтқару қызметі жұмыс істеуде. Аталған аумақта көлік қозғалысы қиындады.

20160720101119

Кондитерлік фабрика штатты режимге көшкен. Ал Көк базардың барлық қақпалары жабылған. Ал базарға кіріп үлгерген қызметкерлер мен келушілер іште қала беруде.

Бұған дейін Алматы орталығында арнайы операцияның жүріп жатқаны хабарланған еді.

Талқылау