Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жолаушыны балағаттаған кондукторға қатысты шара қолданылады (видео)

Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Дәурен Әлімбековтың хабарлауынша Талғар ауданынан қалаға қатынайтын №54 автобусында орын алған оқиғаға байланысты кондукторға шара қолданылады, – деп хабарлайды Stan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бейнежазбада көрсетілгендей, студент бойжеткен «Оңай» терминалы сынып қалғандықтан, кондукторға 40 теңге ұсынған. Өз кезегінде автобус кондукторы бұған ашуланып, толық 50 теңге төлеуін талап еткен.
Бұған қарсы болған бойжеткенді егде жастағы әйел кондуктор сыбай жөнеледі.

«Онымен қоймай мені автобустан шығаруға тырысты. Ең соңында «баран, шакал» деп балағаттады», – деп жазған бойжеткен Инстаграмдағы instavideo_kaz аккаунтындағы жазбасында.

Бейнежазба құзырлы органдардың қолына түскен соң, әкімдік қажетті шараларды қабылдады.

«Біз аталған бейнежазбаны жан-жақты қарадық. №54 маршрут автобусы «Тұлпар ЦДС» ЖШС-ына қарасты екен. Біз оларға хат жаздық. Енді кәсіпорын тиісті шара қабылдайтын болады. Егер мұндай оқиға қайталанса, тасымалдаушымен келісімді бұзатын боламыз», – деді Д.Әлімбеков.

Талқылау