Алматыда жолақысы 200 теңгеге көтерілуі мүмкін

Дүйсенбі, 10 Қазан , 2016 21:27

Жуық арада Алматының қоғамдық көлігіндегі жолақы да көтеріліп қалуы мүмкін. Мұны жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялар көптен бері сұрап жүр. Әрі анау-мынау емес баға 80-нен 200-ге бір-ақ көтерілсе дейді, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

12383-6-s_oktyabrya_v_almaty_v_ru

Бұған сылтаулары да дайын. Құрал жабдық құны, коммуналдық төмердер, тіпті дизель отынына дейін күн санап қымбаттауда. Сөйтіп, табыстан қағылып жатқан көрінеді. Әзірге әкімдікке тасымалмен айналысатын 18 компанияның бесеуінен осындай өтініш түсіпті.

Алматылық тасымалдаушылар араға 4 жыл салып бағаны қымбаттату мәселесін тағы көтере бастады. Соңғы рет 2012 жылы жолақыны 110 теңгеге көтеруді сұрағанда жергілікті мәслихат 80 теңге қылып бекітіп берген. Бұл жолы да тұтыну тауарлары мен әр түрлі қызмет құнының өсуіне байланысты тасымалдаушылардың тынысы тарыла бастапты.

-“Соңғы кезде дизельдің күрт қымбаттауы жағдайды тіпті ауырлатып жіберді. Жолақы кемінде 210 теңге болуы тиіс деп есептедік. Ал кей автопарктерде одан да жоғары болуы мүмкін”, – дейді Алматы қалалық Тасымалдаушылар қауымдастығының президенті Роберт Кан.

Сондай-ақ, тасымалдаушылар автобустарда қолма-қол төлемнің қайта пайда болғанына да көңілі толмай отыр. «Оңай» төлем жүйесін оңдырмай, ақыры ескі әдетке айналып соққан соң былық көбейе бастапты. Соның кесірінен компаниялар жыл басынан бергі 7 ай ішінде 3 миллиард теңгеден қағылған. Бірақ әзірге, тарифті көтеру туралы ұсыныс әкімдік тарапынан қолдау тапқан жоқ. Бағаны өсіру үшін оған айтарлықтай негіз болу керек. Әрі жолаушы тасымалымен айналысатын 18 компания кіріс-шығыстарын түгел есептеп, шығынға батып жатқандарын дәлелдеп беруі тиіс.

-“Иә, соңғы бағаны көтеру туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Бірақ қала тұрғындары алаңдамаса да болады. Жыл соңына дейін ешқандай жол пұлын көтеру мәселесі қаралып жатқан жоқ. Әзірге тек бес-ақ компания есеп-қисаптарын тапсырды”, – дейді Алматы қалалық Жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.

Барлық қомпания есеп-қисабын тапсырғаннан кейін қала басшылығы толыққанды тексеру жүргізбек. Тек содан кейін ғана қалалық Мәслихатқа тарифті көтеру туралы ұсыныс жасалады.

Мәслихатқа ұсыныс жасау үшін әр бағыттан түсетін табыс, автобөлшектерге кететін шығын, мемлекеттік салық, тіпті, жүргізушілердің жалақысына дейін түгел тексерілмек. Ал бұның бәрі биыл бітетін шаруа емес. Сондықтан әкімдік өкілдері жақын арада тариф құны көтерілмейді деп сендіріп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Мәйіт жатқан бөлмеде 40 күн шырақ жағу Исламда бар ма?

Енесімен тату болуы үшін жас келіндер арналған кеңестер

Алматылық бойжеткен руы Ұлы жүз болмағандықтан жігітпен кездесуден бас тартқан

СҚО-да саңырауқұлақтан уланған әйел мен оның үш қызы бірдей көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Анонимно says:

    200т болса халық шеруге шығатын шығар

  • Анонимно says:

    Мен Алматы да няня болып жұмыс істеймін айлығым 32000мың теңге квартирама 12000төлимін +азық түлік алуым керек киім ді айтпайа қойайын. Жұмыс орныма бару үшін 2автобус қа отыратын )
    Ауырып қалсам дəрі дермектің бағасын менің қалтам көтермиді. қызым бар 2 жасар ата-анамның қолында оған ештеңе алып бере алмаймын, жол ақысы 200теңге болса мен əры қалай қалай өмір сүремін, мен сыйақты адамдарды өкімет ойлай мекен?

  • Анонимно says:

    Сұмдық қой. Тапқаныңның бәрі жолға кетеді. Студенттер қалай күн көреді.

  • Анонимно says:

    200 бола қоймас онда қара халық машинанды төңкеріп тастар.

  • Анонимно says:

    Айлық жалақыны көтеру туралы жоғарыдағылар ойланбай ма екен? Мұнайшылар көтеріліс жасаса ың-жыңсыз айлығын көтере қояды,солар бір, мұнайды жерден күрекпен қазып шығарып жатқандай. Бюджеттегілер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың,зейнеткерлердің жағдайын кім ойлап жатыр екен?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар