Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жол апатынан үш адам қаза тапты (фото)

Алматыда Рысқұлов және Шәріпов көшелері қиылысында ірі жол апаты орын алды.

2845937

Оқиға куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Toyota Ipsum Шәріпов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, бағдаршам жасыл жанған кезде, Рысқұлов көшесіне қарай солға бұрыла бастайды. Сол кезде Рысқұлов көшесі бойымен батыс бағытта Mercedes көлігі қатты жылдамдықпен келе жатқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2846152

Неге екені белгісіз, Mercedes бағдаршам қызыл жанып тұрғанына қарамастан, көше қиылысына шығып кетеді де, Toyota көлігін бүйірден бір соғады. Соққы салдарынан Ipsum бірнеше метрге ұшып, қоршауға соғылады. Жол апатынан үш адам қаза тапты — екі Toyota жолаушысы мен Mercedes жүргізушісі. Toyota жүргізушісі бассүйек-ми жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды.

2846016

2846325

Тағы да оқыңыз:

Алматыда жас қыз көлігімен бес адамды қағып кетті

Қарағандылық шенеунік мас күйде көлік айдап көзге түсті

Әлеуметтік желіде педофилді ұрған полицейді қорғайтын акция басталды

Талқылау