Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жекеменшік емханадағы бала өліміне дәрігерлердің кінәлі болғаны расталды

Алматыда «Достар мед» жекеменшік емханасында баланың өліміне дәрігерлер кінәлі болғаны расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент басшысы Айзат Молдақасымова «Достар мед» жекеменшік емханасында болған қайғылы оқиға жайлы айтты.

«Департаментке баласы қайтыс болғанын айтып Росина Павлова хабарласты. Оның шағымын қарастырған комиссия медициналық көмектің сапасыз орындалғанын растады. Нақтырақ айтқанда, анестезиологиялық препарат дұрыс қолданылмаған. Баланың өлімі содан болған», – деді Айзат Молдақасымова.

Емхана басшылығына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынып, дәрігерлер сертификатынан айырылды. Іс сотқа жіберіліп, сот органдары бөлек шешім шығармақ.

Алматының жекеменшік емханаларының бірінде шап жарығын алдыртқан соң, сәби шетінеп кетті. Оқиға 24 сәуірде болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау