Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген Infiniti жүргізушісіне айыппұл салынды

Алматыда жедел жәрдем көлігіне кедерге жасғана Infiniti автокөлігінің жүргізушісіне айыппұл салынды. Оқиға мамыр айында болған еді.

photo_30821

“Маусым айында Infiniti жүргізушісі ҚР ӘК 598 бабының 1 бөлімі бойынша “Бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу» және 612 баптың 3 бөлімінде “Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізушіге 35 мың теңгеден астам сома көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді. Оқиға мамыр айында өтсе де, жүргізушінің ұзақ уақыт қаладан тыс болуына байланысты, маусым айында жауапкершілікке тарттық”, – деп хабарлады Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Биылғы мамыр айында ғаламторға жедел жәрдем көлігін өткізбей қойған жүргізуші туралы бейнеролик жарияланып, оны ғаламтор пайдаланушылары сынға алған еді.

Талқылау