Алматыда жас баладан қорлық көрген әйел оған арыз жазбайтын айтты
Алматыда бүлдіршін мазақ еткен әйелдің кім екені анықталды.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаевтың айтуынша, ол үй-күйсіз жүрген әйел.
“Онымен сөйлесу баысында аздап психологиялық ауытқуы бар екенін байқадық. Бірақ оны сараптама анықтайды. Ол баланың әрекетін ерсі көріп отырған жоқ. Сондықтан арыз жазбайтынын айтты”, – дейді Сергей Незнаев.
Әйел арыз жазбаса да ,полиция баланы іздеп жатыр. Себебі оның әрекеті қоғамда талқыға түсіп, көптің наразылығын тудырды. Баламен, оның ата-анасымен түсіндіру жұмысы өткізілмек.
Айта кетейік, бұған дейін желіге тараған видеода жас бала мүгедек әйелдің берген йогуртын ішіп алып, кейін қалдығын бетіне шашып кеткен сәті түсірілген. Оған әйел қарсылық танытпады. Балағаттай жөнеліп, үстіне су шашқан.
Өз қызын мазақ етіп келген әйел жайлы оқи отырыңыз.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.