Алматыда өз қызын мазақ етіп келген әйелді ата-ана құқығынан айырмақ

Алматыда 13 жастағы қызды анасы ұрып-соғып, тіпті сексуалды қызмет көрсетуге көндірген, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Алматыда өз қызын мазақ етіп келген әйелді ата-ана құқығынан айырмақ

13 жасар қыздың жағдайы 7 жыл бұрын да елді елең еткізген еді. Тумысынан сал ауруына шалдыққан қызды әжесі басынан балдақпен ұрып ауруханадан шығарған болатын.

Осы кезде анасы түрмеден шығып, қызын қамқорлығына алды. Әжесін Ресейге жер аударды. Алайда, анасы қызын үй қамақта ұстаған. Көршілеріне оның Ресейде екенін айтқан.

Бүгінде анасынан зәбір көрген қызды Қапшағай тұрғыны Надежда Барсукова қамқорлығына алды. Ол кездейсоқ қыздың жағдайын білмек болып барғанда сұмдық оқиғаның куәсі болды. Отбасымен ақылдасып, қызды бірден асырап алды.

Қыздың бет-жүзінің сау тамтығы қалмаған. Мұрны сынған, ерні мүлде жоқ, құлағы жыртылған. Тізесі жарақаттанған. Денесінде тыртық іздер бар.

«Мені үнемі ұрып-соқты. Үйге келіп ішімдік ішкен соң мені ұратын. Ернімді жұдырығымен ұрып жырып тастады. Күні бойы қанап жүрді», – дейді қызы.

Ол туған анасына қайтқысы келмейді. Надежда Басукованы ана деп атайды.

Дәрігерлерге бүлдіршін ер адамның жыныс мүшесінің не екенін білетін айтқан. Тіпті 12 адамды атаған.

Қазір қалалық ІІД Анна Иванованы ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарап жатыр. Ал қамқорлыққа алған анасы қызға пластикалық ота жасатып, тиісті емін алуды өз мойына алды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар