Алматыда «Жаңғақ тал» фильмінің пресс-көрсетілімі болды

Сәрсенбі, 30 Наурыз , 2016 18:50

Алматыда режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал» фильмінің пресс-көрсетілімі болып өтті. Туындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ы түсірген.

жаңғақ2

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Фильмде қарапайым отбасылар арасындағы қарым-қатынастар баяндалады. Бұл туынды Оңтүстік Қазақстан облысындағы Леңгір қаласы мен оның төңірегінде түсірілген. Ондағы рөлдерді жергілікті театр актерлары орындаған. Олардың ішінде «Шаншар» театрының артистері де бар. Түсіру тобының айтуынша, бұл аймақ бекерге таңдап алынбаған. Өйткені, Қазақстанда жаңғақ ағаштарының отаны – осы Леңгір аймағы екен. Сондай-ақ, осы өңірдің табиғаты да түсіру тобына қатты ұнаған.

«Мен бала кезімде бір адамның жаңғақ ағашын таяқпен ұрғылап жатқанының куәсі болдым. Сөйтсем, ол осылайша грек жаңғағын түсіріп жатыр екен. Бұл көрініс санамда жатталып қалды. Кейін ол, осы фильмнің негізгі арқауына айналды», – деді режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов.

Сонымен қатар, ол актерлар құрамымен де таныстырды.

«Алматыдан мен тек басты рөлді сомдаушы актер – Рүстем Жанамановты ғана алдым. Қалғандарын сол жақта жинадық. Түсіруге бір ай уақыт қалғанда сол жаққа барып, актерларды таңдауға кірістік. Алайда, ең басты әйел рөліне актрисаны табу қиынның қиыны болды. Балнұр Асылды түсіру жұмыстары басталардың алдында ғана таптық», – деді режиссер.

жаңғақ1

Фильмді түсіруді режиссер бұдан 10 жыл алдын ойластырып, содан бері іштей пысықтап жүрген екен.

Естеріңізге сала кетелік, «Жаңғақ тал» фильмі 2015 жылы қазан айында Оңтүстік Кореяда өткен 20-шы Пусан халықаралық кинофестивалінде «Жаңа бағыт» секциясының бас жүлдесіне ие болған. Сондай-ақ, XXXI-ші Варшавалық халықаралық кинофестивальде «Еркін рух» жаңашыл кино байқауына қатысты.

жаңғақ

Бұдан басқа, «Жаңғақ тал» фильмі биылғы жылдың басында Францияның Везуль қаласында өткен 22-ші Азия киносының халықаралық кинофестивалінің негізгі байқауына қатысып, бірден екі жүлдені – Халықаралық әділқазылардың арнайы жүлдесін («Күрделі экономикалық және саяси ахуалға қарамастан күлдіре білгендігі үшін») және Киносыншылардың арнайы жүлдесін («Ауыл өмірінің шынайы және батыл бейнесі үшін») алды.

Қазақстанда фильм үлкен прокатқа 31 наурызда шығарылады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар