Алматыда жалғыз қалған әке сал болып қалған баласын аяққа тұрғызуға тырысып жүр

Сәрсенбі, 31 Тамыз , 2016 12:37

Алматыда жалғыз қалған әке сал болып қалған баласын аяққа тұрғызуға тырысуда. Ал баланың диагнозын білген кезде анасы, екеуін тастап кетіп қалған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

епеп

Әкесінің жалақысының барлығы баланы емдетуге жұмсалады. Бірақ, қиындығына қарамастан ем-домнан бас тартқан емес.

Марғұланға екпе жасалғаннан кейін қатты ауыра бастаған. Ал кейін дәрігерлер оған балалардың церебралды сал ауруы деген диагноз қояды. Анасы баланы керек етпей кетіп қалғандықтан, бар күш әкесіне түсіп тұр. Қазір баланың жасы 7-де. Ол сөйлей алмайды және өз бетімен қозғала да алмайды. Бірақ ешқашан ашуланған емес.

“Жасы 3-ке толған кезде бір рет келді. Бес күнге алып кетіп, қайтадан әкеліп “әрі қарай шыдай алмаймын” деді. Міне, осылай өмір сүріп жатырмыз”, – дейді Ерлік Әміреев.

Ерлік жалдамалы пәтерде өмір сүріп датыр. Бірнеше жыл бұрын бала күтуші жалдаған. Ол Марғұланды жақсы көргені соншалық оған ана боламын деп те шешкен екен. Әкесі автошеберханада жұмыс істеп ақша тауып, ал Аида балаға қараған. Барлық тапқан ақшасы баланың арнайы тамақтары мен жаттығу жасайтын құрылғыларға кетеді.

Марғұланды үлкен қиындықпен болса да қалпына келтіру орталығына орналастырған, алайда оның өзі баланың өз-өзін жақсы сезінуіне жеткіліксіз болған.

“Бұған дейін өзім демейтінмін, былай жақсы болды. Ал қазір тіптен ауыр болып кетті. Оның жасы енді 8-ге келеді, ал негізінде 10 жасқа дейін аяғына тұрғызу керек. 10-нан кейін кеш болады. Мемлекет 6 айда бір рет ғана квота бөледі, ал оған күн сайын ем, массаж керек. Оның бәрі ақылы. Тегін ештеңе жоқ”, – дейді әкесі.

Марғұлан үшін әкесі арнайы доп сатып алған. Ол 30 мың теңге тұрады. Сондай-ақ ортопедикалық комбинезон да керек. Ал оған Ерлік ақша жинай алар емес. Туыстары көмектескен азын-аулақ қаражат пәтерақыны төлеуге ғана жетеді. Ақша жетпегендіктен қазір Марғұланды халықтық дәрілермен емдеп жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

13
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар