Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ыстық су атқылап, төңіректі тұман басты

Алматыда топан су табан астынан шықты! Бүгін «Нұр Отан» партиясы орналасқан ғимараттың дәл алдында жылу құбырының жарылуы салдарынан ыстық су аспанға атқылап, төңірек будан тұманданып кетті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Безымянный

Оқиға күндізгі сағат 12-лер шамасында болған. Тасқындай тулаған ыстық судан сол маңдағы көліктерді иелері әзер әкетіп жатыр. Диаметрі 70 сантиметрге жететін ойықтан атқылаған су көшеге жайылып, кейін билік партиясы орналасқан ғимараттың жертөлесіне барып құйылған.

Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына келе сала сол жертөле толы суды сыртқа ағызуға кірісті. Ал жарылған құбырды жөндеу үшін ыстық су атқылаған жерді жұмысшылар шұңқыр қып қазып тастаған. Оқыс хабарды естіген жедел жәрдем мен полиция өкілдері де осында жүр. Әзірге, зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Ал жылу жеткізуге жауапты компания өкілдері апат құбырлардың әбден ескіруінен болған деп отыр.

“Құбырдың ескіруінен деп болжап отырмыз. Қазір қала бойынша бүкіл жылу құбырларының 65 пайызының тозығы жеткен. Бәрін бірден жөндеу мүмкін емес. Енді әуелі жарылған құбырды жөндеп аламыз, сосын шығынын сақтандыру компаниясы төлейді”, – дейді «Алматы жылу» МКК ресми өкілі Ян Гирин.

Талқылау