Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда университет жатақханасында қайтыс болған студенттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Алматыда Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің жатақханасында төбелес болып, бірінші курс студенті қаза тапты. 18 жасқа да толмаған Дидар Болысбек – Тараз қаласының тумасы екен. Марқұмның өлімі әлімжеттік себеп болуы мүмкін,-деп жазды КТК арнасы.

студент

Бірақ университет басшылығы жатақханада ешқандай жанжал болған жоқ, студенттің жүрек талмасы ұстаған деп өздеріне шаң жуытар емес. Бұл уәжге тек марқұмның ата-анасы сенбеді.

Қайғылы оқиға бүгін түнде болыпты. Аграрлық университеттің жатақханасында студенттер төбелесіп, салдарынан 1-ші курста оқитын Дидар Болысбек көз жұмған. Ал жаппай жаға жыртысуға әлімжеттік себеп болуы мүмкін. Мұны прокурор ашып айтпаса да, 7 күдіктінің ұсталғанын жеткізді. Оның екеуі тіпті кінәларын мойындап үлгеріпті.

«ҚазақҰАУ жатақханасында 1-2 курс студеттері арасында төбелес болған. Бір адам қаза тапты. Күдіктілердің бәрі анықталған. Тергеу жүріп жатыр,-дейді Бостандық ауданы прокурорының орынбасары Ербол Құлбаев.

Жатақханадағы төбелестен тек оқу орнының басшылары хабарсыз. Немесе мойындағылары келмейді. Тілшілерге жағдайды түсіндіруге жарамай, олардың орнына есік алдындағы күзетші ақталып әлек.

«Сағат екі жарымда қасында жатқан жігіттер жедел жәрдемге хабарласқан»,-дейді ҚазҰАУ күзетшісі Азамат Қалмаханбетов
Күзетші жатақхананың тыныш екенін айтып әлек болды.
Алайда Дидардың туыстары бұл пікірмен келіспейді. Олар дені сау ұлдарын үлкен курстың студеттері сабағанына сенімді.

«Жабылып ұрған. Жоғары курстың балалары жоғары курстың балаларын ұратын салт бар дейді. Әскердегі “дедавщина” сияқты»,-дейді Дидардың нағашы ағасы Сембек Қартаев.

Аграрлық университетте әлімжеттіктің өршіп тұрғанын марқұмның достары да растап отыр. Оның үстіне, Дидар бұған дейін сыныптастарына да мұңын шаққан екен.

«Өте жақсы момын бала еді. Ешкімге зияны жоқ. Сабағын жақсы оқитын. Грантқа ілінген. Құдай бұйыртса бірінші курсты бітіріп ауылға қайтамыз деп жүр едік»,-дейді Дидардың досы Бауыржан.

Дидардың денесі қазір сараптамада. Оқиғаның мән-жайы соның қорытындысы шыққаннан кейін анықталады. Ал, кәмелеттік жасқа да толмаған жас жігіт ертең туған жері Таразда жер қойнына тапсырмақ.

Қайғы жамылып отырған отбасы ұлдарының өліміне кінәлі жігіттерді ғана емес, осы жағдайға жол берген оқу орны басшылығын да жазалауды талап етіп отыр.

Оқи отырыңыз:

17 жасында бизнесін ашқан қазақ жігіті табысқа қалай қол жеткізгенін айтып берді

Академик: Қазақстанның қазір 80 миллион адамды асырай алатын жағдайы бар

Журналист ұятсыз қыздарды эфирге шығарған Ләйлә Сұлтанқызын масқаралады

Дінтанушы: Мешітте той жасаған Қарақатты аяймын

Талқылау