Алматыда тылсым күш тұрғын үйдің суын тоқтатып тастаған

Сейсенбі, 29 Желтоқсан , 2015 8:54

Тылсым күш тоқтатқан тіршілік нәрі! Алматыда жаңадан салынған тұрғынүй кешенінде ауыз судың болмау себебін коммуналдық компания тылсым күштермен байланыстырды. 5 мың тұрғынға қызмет көрсетіп отырған мекемедегілердің айтуынша, жеті қабат жер астында түсініксіз жайттар болып, салдарынан суды тоқтатуға тура келген. Тек тоғыз қабат төбеде тұрып жатқан жұрттың мұндай уәжге күлуге де шамасы болмай тұр.

тылсым күш

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

«Асыл арман» деген аты болмаса, ауласы тура ауылдағыдай. Шелек көтергендер толып жүр.

«Туалет істемейді. Бәрі сасық үйдің іші. Не болады енді? «Асыл арман» деген атағын не қыламыз оның?»,- дейді қала тұрғыны Ажар Селімбетова

Көбі бұл пәтерлерге «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы таласып жүріп әрең қолы жеткен. Бірақ соның қызығын көре алмай отыр. Уақытылы тамақ та пісіре алмайды. Басқа да қиындықтар жетерлік.
Су зардабын тартқан жұрт қазір өз үйлерінде дұрыс дәретханаха да бара алмай жүр. Халық түз жағалап кетпесін деп уақытша мынадай дәретханалар қойылыпты. Иісі деген қолқаны қабады. Сасық иіс жайлағаны сонша, тұрғындар терезелерін қымтап ашпайтын болған.

Осылайша жұрт суды көшеден тасып қана қоймай, басқа тірлігін де тура аулада бітіріп жүр. Ал 5 мыңнан аса тұрғынды тарықтырып қойған коммуналдық компания бәріне кінәлі табиғаттың тылсым күштері деп отыр.

«Табиғаттың ісі ғой енді адамның араласқан жұмысы емес. Адамның күшінен тыс нәрселер бұл. Барлығы мүмкін. – Мүмкін тылсым күш шығар жер астынан шыққан? – Мүмкін!»,- дейді «Алатау Комсервис» ЖШС өкілі Ерсайын Ешекенов

Тылсым күштің беті қашан қайтары белгісіз дейді мамандар. Сол себепті, су зардабын тартқан жұрт жаңа жыл түні де шүмектен қашан су шығар деп тосып отыруы әбден мүмкін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар