Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тауда жоғалып кеткен жас жігіт табылды

Алматыда екі күн бұрын тауда жоғалып кеткен Александр Назарук табылды.

zhogaldy-1

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Мұның алдында Александр Назаруктің достары әлеуметтік желілерде дабыл қағып, алматылықтардан көмек сұраған еді.
“Александр достарымен бірге Үлкен Алматы шыңына шыққан. Алайда қайтар жолда жас жігітке әйелі қоңырау соғып, сапардан бірнеше күнге ерте келгенін хабарлаған. Қуаныштан үйіне тезірек жетуді ойлаған жас жігіт жолды қысқартпақ болып, достарынан бөлініп кетеді. Таудан басқа бағытпен төмен түспек болады. Алайда, өздеріңіз көріп отырғандай, екі күн бойы хабар ала алмадық. Қазір оның аман-есен табылғанын ғана білеміз, ең бастысы да осы. Александрдің өзін әлі көрген жоқпыз”, – дейді отбасының досы.

Естеріңізге салып өтсек, 3 қыркүйек күні Үлкен Алматы шыңына шыққан Александр Назарук ізім-ғайым жоғалып кеткен еді. Ер адамды іздеуге таныстары мен еріктілер қосылды. Кейін қалалық ТЖ күштері жұмылдырылып, туристі аман-есен тапты. 

Талқылау