Алматыда түрмедегі әйелді зорлады деген күдікті мекеме қызметкері қамауға алынды

Сәрсенбі, 20 Шілде , 2016 16:43

Алматы қаласының № 2  Медеу аудандық соты тергеу изоляторындағы Наталия Слекишинаны зорлады деген күдіктіні қамауға алуға рұқсат шешімін шығарды.

pogudx60stv3rvke9

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Слекишинаның адвокаты Айман Омарованың айтуынша, тергеу изоляторының қызметкерлері әйелді зорлап, соның салдарынан ол жүкті болып, өмірге бала әкелген. Сараптама нәтижесі бойынша, баланың әкесі түзеу мекемесінің бір қызметкері болып шыққан.

Қазақстандық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Слекишина алаяқтық әрекеттері үшін сотталған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті 16 қыркүйекке дейін екі айға қамауға алынды.

Еске сала кетсек, бір ай бұрын жазасын өтеуші Наталья Слекишина колония қызметкерлері жабыла зорлағаннан кейін жүкті болып қалып босанғанын айтқан еді. Әйел оның жүктілігін жасырып, істі жауып тастауға талпынғандарын да айтты. Ол өткен жылдың қазан айында Алматы қалалық ішкі істер департаментіне шағым жазған. Бірақ, іс соңына дейін жалғаспаған. Айман Омарованың айтуынша, жазасын өтеуші өзін зорлады деп айыптаған изолятор қызметкерлері күдікті ретіде ұсталмаған. Түрме қызметкерлерінен бала босанған әйелдің адвокаты шулы мәлімдеме жасаған еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар