Түрме қызметкерлерінен бала босанған әйелдің адвокаты шулы мәлімдеме жасады

Бейсенбі, 14 Шілде , 2016 12:04

Түрмеде жүкті болып қалған әйелдің адвокаты Алматы түзеу мекемесінің қызметкерлері әлі күдікті ретінде ұсталмады деп ашына хабарлап отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Безымянный

Айман Омарованың айтуынша, жазасын өтеуші өзін зорлады деп айыптаған изолятор қызметкерлері күдікті ретіде ұсталмаған. Тіпті генетикалық сараптама кезінде Наталья өмірге әкелген баланың әкесі деп танылған адам да бостандықта жүр екен.

“Қазір біз Наталья Слекишина айтып отырған адамдарға қатысты тұтқындау жүргізілуін талап етеміз. Әрине, мұның алдында олар күдікті ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл арқылы біз не істейміз? Біріншіден, 122 баптың екінші бөлімі бойынша – бұл ауыр қылмыс. Екіншіден, мен қорғап отырған әйелдің айтуынша қысым көрсетілуде. Оған өзге жазасын өтеуші әйелдер арқылы да қысым жасалған, Яғни, мекеме қызметкерлері сол әйелдер арқылы оған зорлық жасайды. Слекишинаға жасалған зорлау әрекеті бойынша шара қабылдануы тиіс. Біз осыны өтініш етіп бергелі отырмыз. Сонымен қатар, тергеудің ҚР ҚК 146 бабы негізінде атқарылуын қалаймыз”, – дейді Айман Омарова.

Еске сала кетсек, бір ай бұрын жазасын өтеуші Наталья Слекишина колония қызметкерлері жабыла зорлағаннан кейін жүкті болып қалып босанғанын айтқан еді. Әйел оның жүктілігін жасырып, істі жауып тастауға талпынғандарын да айтты. Ол өткен жылдың қазан айында Алматы қалалық ішкі істер департаментіне шағым жазған. Бірақ, іс соңына дейін жалғаспаған.

Ал мекеме қызметкерлерінің төртеуінің біреуі сараптама жасау барысында баланың әкесі ретінде танылды. Ал зорлады деп айыпталып отырған ер адамдардың барлығы бұл әрекетті теріске шығаруда. Қазіргі таңда айыпталған төрт адамның екеуі ол жерде жұмыс істемейді. Біреуі өз еркімен кетсе, екіншісі зейнетке шыққан.

“Ұлағатты жанұя” қорының президенті Марианна Гурина өзінің Фейсбуктағы парақшасында Натальяның оқиғасын жаза отырып, зорлық жасағандар өз жазасын алады деп үміттенеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар