Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда шипажайда жоғалып кеткен жігіт табылды

Алматыда «Көктем» шипажайында жоғалып кеткен 1993 жылы туған Алмат Қорған табылды. Бұл туралы оның әкесі Сәбит Қорған айтты.

6d171d12115645a184a253d21ed98bcd-e1500892715381

Алматыда жоғалып кеткен Алмат Қорған есімді азамат табылды.

Ол “Көктем” шипажайында анасымен бірге емделген. 6 шілде күні шипажай ауласынан шығып кетіп, содан қайта оралған жоқ. 1993 жылғы жігіттің табылғаны жайында әкесі мәлімдеді.

«Баламызды тапты, тапқаны туралы жаңа ғана хабарласты, мен өзім Астанада жүрмін, әлі көргенім жоқ. Қайдан, қалай табылғаны, қайда болғаны туралы қазір айта алмаймын. Ең бастысы, табылды. Баршаларыңызға рахмет», – деді Алматтың әкесі Сәбит.

«Ініміз – АЛМАТ СӘБИТҰЛЫ ҚОРҒАН Алматы қаласынан табылды. Барлық ФБ-достарыма, әсіресе журналистер қауымына, Алматы және Талдықорған қалаларындағы еріктілер және барлық жанашыр жандарға, ақпаратты бөлісіп отырған танитын және танымайтын да ағайындарға, қысқаша айтқанда іздеуге ат салысқан жұртшылыққа өз және әулетіміз атынан АЛҒЫС айтқым келеді!», деп жазды Алматтың ағайыны Амандық Әмірхамзин.

Тағы да оқыңыз:

Алматыға жақын маңда ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Жақындарың сұраса да беруге болмайтын заттар (фото)

Алматыда жолаушы әжелер бұзылып қалған троллейбусты итерді (видео)

Талқылау