Алматыда Шерхан Мұртазаны соңғы сапарға шығарып салды
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қоғам қайраткері, белгілі жазушы және журналист Шерхан Мұртазаны соңғы сапарға аттандырды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жазушымен қоштасуға еліміздің зиялы өкілдері, жазушылар, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келді.

«Біз қоғам қайраткері, белгілі жазушы, журналист Шерхан Мұртазамен қоштасуға жиналдық. Бұл біз үшін орын толмас қайғы. Шерхан Мұртазаның туындылары біздің халқымыздың тағдырымен тығыз байланысты. Ол сондай-ақ көптеген адамдардың рухани тәлімгері болды », – деді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні әйгілі қазақ жазушысы Шерхан Мұртаза дүниеден озды. Белгілі жазушының қазасы туралы естіген Мемлекет басшысы Шерхан Мұртазаның отбасына көңіл айту жеделхатын жіберді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"