Шерхан Мұртаза дүниеден озды
Әйгілі қазақ жазушысы Шерхан Мұртаза көз жұмды. Қаламгер 86 жасында қайтыс болды. Жазушының қазасы жайлы Жамбыл облысы әкімдігі, ішкі саясат басқармасының жетекшісі Берік Уәли хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Халық жазушысы Шерхан Мұртаза ағамыз өмірден өтті”, – деп жазды ол Facebook-те.
Шерхан Мұртаза 1932 жылдың 28 қыркүйегінде Жамбыл облысының, Жуалы ауданында дүниеге келген. Ол шығармашылық жолын студент кезінде, Лазарь Лагиннің “Старик Хоттабыч” және Мұстай Кәрмінің “Радость нашего дома” туындыларын аударудан бастаған.
Оның тұңғыш “Құрылысшы Даку” атты очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрген.
Шерхан Мұртаза “Қара маржан”, “Қызыл жебе”, романдарының, “Сталинге хат” пен “Бесеудің хаты” пьесаларының авторы. Әйгілі жазушының шығармалары көптеген шет тілдеріне аударылған.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”