Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда психикалық ауруханадан қашқан науқас іздестірілуде

Алматыда ақыл-есі дұрыс емес зардап шегетін психикалық денсаулық орталығының науқасы іздестірілуде. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

20160811125532

«2016 жылы 10 тамызда шамамен сағат 19-да Алматыдағы психикалық денсаулық орталығынан 1982 жылғы Қожамбетов Қанат Жанатұлы қашып кетті. Ол шизофренияның созылмалы түрінен зардап шегеді», – деп хабарлады полицейлер.

Қазіргі уақытта Қожамбетовты ұстауға Алматы қалалық ІІД-нің жеке құрамы, сонымен қатар шекаралас облыстардың ішкі істер органдарының құрылымдары тартылды.

Полиция Қожамбетовтың қайда екені туралы білетін азаматтардан  254-40-42; 254-40-92; 254-49-75 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұрайды.

Жіберіп алмаңыз:

Индонезиядағы психикалық дертті науқастар емханасының адам шошырлық жағдайы (фото)

Ақмола облысында бір апта күйеуінен қашып жүрген келіншек табылды

Петропавлда полицейлер үйінен қашып кеткен қызды осымен екінші рет тауып отыр

Талқылау