Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полиция академиясының курсанты жоғалып кетті

Алматы тұрғыны Татьяна Синева өз ұлына іздеу жариялап жатыр. Ананың өтінішін “Қоғамдық қауіпсіздік кеңесң” еріктілер қауымдастығының басшысы Ислам Угушев әлеуметтік желіде жариялаған.

15170946_1124392724348898_38049543739708265_n-

Әлеуметтік желідегі парақшада хабарланғандай, анасы ұлын біржолата алып кету үшін Алматыға келіпті.

“Ұлым, мен сен үшін Алматыға келдім. Оралшы немесе байланысқа шық. Мен сені қатты күтіп отырмын. Сені алып кету үшін келдім”, – дейді Ахат Исмагиловтың анасы.

18 жастағы Ахат Исмагилов – Алматыдағы ІІД академиясының екінші курс курсанты. Ол 20 қараша күні сағат 14.00-де оқу орнынан шығып кеткеннен кейін оралмаған.

“Академияда оның азаматтық киіммен кетіп қалғанын айтып жатыр. Өзінде телефон жоқ болғандықтан, курстанттың телефонынан қоңырау шалған. Қазір оның жоғалғаны туралы полицияға барып арыз жазамын. Академияда ерегіс болып қалды ма деп күдіктеніп отырмын, бірақ нақты білмеймін. Ахат өзін Қарағандыдағы академияға ауыстыруды сұраған болатын”, – дейді анасы.

Ахат үстіне ашық түсті күртеше мен қара бас киім киген. Егер оны көрген-білгендер болса мына нөмірлерге хабарласуға болады: +77072526100, +77052744524.

Оқи отырыңыз:

Жұмысшылар көлігін жөндегенше қыз бен жігіт елдің көзінше көлікте секспен айналысты (видео)

Сахнадағы ұятсыздық: Қарағанды облысының тұрғындары түнгі клубты жабуды талап етуде

Екі қазақ жігітінің бірін-бірі аймалай жабысып билеген би жұртты шошытты (видео)

Аязда адамдарды тегін тасыған атыраулық ерікті жоғалып кеткен әйелді құтқарып қалды

Талқылау