Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицейлер бөлімшеге әкеле жатқан күдікті қашып кетті

Алматыда Алмалы аудандық сотының ғимараты жанында ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған адам полицейлерден қашып кетті.

1328064

Бұл ақпаратты қалалық ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне растады.

“Бостандық ауданы ІІБ жанындағы полиция бөлімшесіне әкеле жатқан кезде, бірнеше мәрте ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған, 1984 жылы туған азамат Баймұханбетов Шәріпов көшесі бойындағы Алмалы аудандық соты төңірегінде полицейлерден қашып кетті”, — деді полиция.

Оқиға 26 шілде күні болған.

Полиция атап өткендей, қазір іздеу шаралары жүргізіліп, қосымша қызметтік тексеру тағайындалған.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда ауқатты отбасының баласын өлтірген жүргізуші сот барысында қайтыс болды

ОҚО-да 70 жастағы қария өзіне әйел іздейтінін айтып хабарландыру жариялады

Алматы облысында ұшақ құлап 2 адам қаза болды (видео)

Талқылау