Алматыда өзін алып қашқан жігіттермен бірге жол апатына түскен бойжеткен есін жиды

Сәрсенбі, 10 Тамыз , 2016 19:07

Жақында қыздың жамбасына бірнеше ота жасалады. Бұл туралы «Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері Болат Балақойшаев мәлімдеді.

Безымянный

Фото: Facebook.сom

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Бас дәрігердің айтуынша, Әлия Ошақбаева ауруханаға ес-түссіз күйде түскен.

«Бойжеткен түннің бір уағында мүшкіл халде жеткізілді. Біз оны бірден жан сақтау бөліміне ауыстырып, жасанды тыныс алу аппаратына қостық. Тіпті өзінің қайда екенін де білген жоқ, ес-түссіз күйде түсті. Таңертең аздап жағдайы жақсара бастағанда, біз толықтай анализ жүргіздік. Енді соның қорытындысы бойынша қызды аяққа тұрғызу үшін жоспарлы емге көшеміз. Кейін облыстық немесе 4 қалалық ауруханаға ауыстырамыз. Онда науқастың жамбасына ота жасалады», – деді Балақойшаев.

Сондай-ақ бас дәрігер дөрекі сөйледі деп шағымданған қыздың әпкесінің әрекетіне ызасы келгенін айтты.

«Біз, дәрігерлер, барлығына бірдей қараймыз, ешкімді алаламаймыз. Алланың атымен ант етейін, Әлияның әпкесін ешқашан көрген емеспін, ол маған келген жоқ. Таңнан кеш батқанға дейін осындамын, сұрақтары болса маған келсін. Шағымданып, БАҚ-ты тартудың қажеті қанша? Егер осыдан кейін ақхалаттылардың бәрі жиенінің асты-үстіне түседі деп ойласа, онда қателеседі. Басқа науқастарды сонда кім қарайды екен? Әлия үшін не қажет болса соны жасап жатырмыз. Қолдан келгенді аянып қалып жатқанымыз жоқ. Сондықтан құр босқа жұртты дүрліктірудің қажеті жоқ. 22 жыл хирург болып істеп келемін, науқасты қалай емдеу керектігін одан гөрі жақсы білетін шығармын?! Осындай байбаламшыл туысқандардың кесірінен жақында ауруханаларда дәрігер қалмайды», – дейді ашуға булыққан Балақойшаев.

Естеріңізге салып өтсек, 8 тамыз түнде Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында «ВАЗ-2114»  Shaanxi-MAN  жүк көлігімен соқтығысып, соның салдарынан ВАЗ жүргізушісі мен қыз алып қашқан үш жігіт қаза тапты. 22 жастағы қалыңдық Әлия Ошақбаева аман қалған.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жол апатынан 4 адам зардап шегіп, бір адам көз жұмды

ОҚО-да қаржылық бақылау инспекциясының басшысы жол апатынан қаза болды

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты (фото)

Адамдарды ажал құштыра жаздаған автобус жүргізушісі апаттың қалай болғанын айтты

Қостанай облысында ірі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар