Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өрттен үш бала құтқарылды

Алматыдағы бес қабатты тұрғын үйде тұтанған өрттен үш бала мен бес ересек адам құтқарылды.

Алматыда өрттен үш бала құтқарылды

Бұл туралы ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Бесінші мамырға қараған түні ТЖД-нің «101» бөліміне Медеу ауданы, Мақатаев көшесі 46 пәтер мекен-жайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер аталған мекен-жайға 6 минутан кейін, 00: 17-де келді. Бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтер өртенген екен», – деді Баймұхамбетова.

Өрт сөндірушілер пәтердегі өрттің таралуының алдын алды. Аумағы 30 шаршы метрді құраған өрт тоғыз минуттан кейін 00: 26-да сөндірілді.

«35 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сегіз адам құтқарылды, олардың үшеуі балалар», – деді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.

Пәтер тұрғындарын жоғары қабаттағы пәтерлердің терезесіне шығып, сондай-ақ механизацияланған баспалдақ арқылы құтқарған.

Тағы оқыңыз: 

Ақтауда 10 жасар қыз төртінші қабаттан құлап, аман қалды

Ақжарқын Тұрлыбай сияқты: Ресейлік бойжеткен Вьетнамға есірткі кіргізгені үшін өмір бойына сотталды

Астанадағы батут оқиғасы: Төрт бала аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр

Көлік астынан шығарып алдық: Астанада куәгерлер жел ұшырып әкеткен батут астынан балаларды қалай құтқарғандарын айтты

 

Талқылау