Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда “Нұрсұлтан шыңы-2017” альпиниадасы өтеді

Алматыда екінші шілдеде Астана күніне және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Нұрсұлтан шыңы-2017» альпиниадасы өтеді.

IMG_0387-640x427

Альпиниаданың бағыты – аспалы жол арқылы Шымбұлақтан Талғар асуына дейін, одан әрі Комсомол асуынан Нұрсұлтан шыңына жалғасады, деп жазады Айқын.

Альпиниаданың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауына сәйкес жастарды спортқа қызықтыру, белсенді тынығуды жастар арасында дәріптеу.

IMG_0639-640x427

Айтулы додаға 16 жастан жоғары барлық қатысушылар  қатыса алады. 12 жастан 16 жасқа дейінгі жеткіншектерге ата-анасының келуімен ғана рұқсат етіледі.

Айта кетер жайт, спорттық  шара Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы қаласы альпинизм федерациясының қолдауымен ұйымдастырылады.

Тағы да оқыңыз:

17 жастағы велошабандоз Дана Ахметованың неден қайтыс болғаны анықталды

Ақтөбеде “полицейден қорлық көргенін” айтқан тұрғын өзін-өзі өртеп жіберген

Оралда көшеде шығып тұрған арматура темір 14 жастағы қыздың аяғын тесіп шықты

Талқылау