Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мейрамханаға келген жігіттер төбелесіп бір-біріне оқ атты

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде оқ атылды. Көңіл көтеру орнына келгендердің бірі сөзге келіспей, арада жанжал болған. Ізінше дүрдараздық жаппай төбелеске ұласыпты.

1485680425_1469169016_1683346525

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға көпке жалғаспаған. Тәртіпсіздікті тоқтату үшін мейрамханадағы бәзбіреу аспанға оқ атып, жаға ұстасқандарды тыныштандырыпты. Абырой болғанда, жанжалдан жарақат алған адам жоқ.

«Біз достарымызбен бірге туған күнді атап өтуге келгенбіз. Бір кезде, би алаңында бір топ жігіт бір-біріне жұдырық сілтей бастады. Артынша тапаншадан оқ атылды. Біз бірден ол мейрамханадан кетіп қалдық»,- деді куәгер.

Жаппай төбелестен кейін, мейрамхана қызметкерлері оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақырған. Қазір мәселенің ақ-қарасы анықталып жатыр. Тәртіп сақшыларына арыз түсіргендер жоқ. Сондай-ақ, ешкім дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген.

«Қазіргі таңда сот балистикалық сараптама тағайындалды. Яғни, сол тапаншаның кімге тиесілі екендігін анықтау мақсатында. Аталмыш дерек бірыңғай реестрдың 293-ші бабының бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Жанжалға қатысты барлық тұлғаларды айқындап, оларды міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартатын болады»,- деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тағы да оқыңыз:

Астанада ит жейтін бір топ адам ұсталды

Доллар құны 450 теңгеге көтерілуі мүмкін

БҚО тұрғындары көше атауын батырдың атына беруге қарсы болып, ескі атаумен қалдырды

Талқылау