Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жеке клиникада артық майдан арылмақшы болған әйел көз жұмды

Алматы полициясы қаңтар айының аяғында медициналық орталықтардың бірінде операциядан соң қайтыс болған емделушінің ісі бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

lazernaya_liposakciya

“Бұл факт Алмалы аудандық ІІБ сотқа дейінгі біріккен реестріне тіркеліп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Нәтижесіне орай шешім қабылданады”, – деді ол.

Қазақстанда медициналық орталықтың көмегіне жүгініп, көз жұмған жағдай бір бұл емес. Осыған дейін Орал қаласында косметикалық операция жасатпақ болған 39 жастағы әйел де қайтыс болған. Аталған жағдай бойынша косметологқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау