Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда марафон қатысушысының қайтыс болу себебі анықталды

Алматыда жартылай марафон кезінде қайтыс болған Максим Королевтің анасы оның қайтыс болуы себебін айтып берді.

Алматыда марафон қатысушысының қайтыс болу себебі анықталды

Сурет: Ольга Королева ұсынған

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлады.

«Медициналық сарапшы өлімнің себебі кенеттен болған жүрек өлімі деп қорытынды жасады», – деді Ольга Королева Sputnik Казахстан тілшісіне.

Алайда, марқұмның анасы ұлының қайтыс болғаны туралы медициналық баяндаманың тұжырымдамасымен келіспей отыр.

«Сарапшы қандай да бір түрде жүректің не себептен тоқтап қалғанын жазып беруі керек еді. Кенеттен болған жүрек өлімі деген біртүрлі естіледі», – дейді Ольга Королева.

Ол сондай-ақ, Максимнің ешқашан денсаулығына шағымданбағанын және жартылай марафонға алдын-ала дайындалғанын айтты.
«Ұлым спортпен шұғылданатын. Жеті жыл бойы футбол ойнап, сосын самбоға әуестене бастады», – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Ольга Королева спорттық іс-шараны ұйымдастырушыларға ешқандай шағымы жоқ екенін айтты.

Жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметі дәрігерлердің Максим Королевті қалай құтқаруға тырысқанын айтып өтті.

«2018 жылы 14 қазанда алғашқы «Алматыдағы жартылай марафон» кезінде куәгерлер қатысушылардың бірінің Абай көшесінен шығып бара жатқанда кенеттен өзін нашар сезінгенін айтты. Қоңырау қабылдағаннан соң «103» қызметінің бригадасы оқиға орнында үш минуттан кейін болды. Олар тексеру кезінде қосымша реанимациялық бригаданы шақырды.
Биологиялық өлімнің белгілеріне қарамастан, 4/23 және 6/9 бригадалары реанимациялық шаралар мен жедел жәрдем көрсету үшін барлық қажетті шараларды жүргізді. Бірақ өкінішке орай, дәрігерлер қанша күш салғанымен 18 жастағы Королевті құтқара алмады. «103» қызметінен келген бригада дәрігерлері жедел жәрдем келгенге дейін жас жігіттің қайтыс болғанын анықтады », – деп хабарлады Алматы денсаулық сақтау басқармасының жедел медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 14 қазанда Алматыда марафон кезінде 18 жастағы жігіт кенеттен қайтыс болып кеткен еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау