Алматыда қызметкерлері маскүнем, директоры оқушыларын балағаттайын мектепте тексеріс басталды

Сәрсенбі, 27 Сәуір , 2016 21:57

Қызметкерлері – маскүнем, ал басшылары – балаларды балағаттайтын мектепте тексеріс басталып кетті. Біліммен емес, былықпен аты шыққан оқу ошағындағы кешегі масқарадан соң оған басқармадан комиссия жіберіліпті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлап отыр.

sss

«Түрме» тілімен сөйлеп тұрғандар – мектеп директоры мен оның орынбасары. Мұны осындай жағдай жиілеп кеткен соң оқушылардың өздері ұялы телефонға түсіріп алған. Басшылары «бандит» секілді сөйлейтін мектепте басқа қызметкерлер де оңып тұрған жоқ.

Мысалы, шаруашылық жөніндегі меңгерушінің жұмыс кезінде арақ ішіп ұйықтап қалғаны туралы кеше айтқанбыз. Түрлі былықтары әшкере болған мектепті енді комиссия қатты тексеріп жатыр. Ал білім ошағының басшысы аяқ астынан қан қысымы көтеріліп, ауруханаға жатып қалыпты.

Бірақ комиссия мүшелері оған қарайын деп отырған жоқ. Егер айтылған жайттар анықталса, директор қол астындағыларымен қоса қызметімен қош айтысуы мүмкін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар