Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қырғыз елінен әкелінген көлікке жалған құжат жасап саудалағандар ұсталды (фото)

Алматыда Қырғыз елінен әкелінген көлікке жалған құжат жасап саудалаумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

20160227114437

«Алматы қаласының екі тұрғыны ресми түрде Қырғыз Республикасында тіркелген көліктерді Қазақстанға арзан бағада әкеліп, оған жалған құжат жасап нарықтық бағада сатумен айналысып келген. Ол үшін оргтехниканың көмегімен қажетті техқұжат, сенімхат т.б. құжаттарды 2 сағат ішінде жасап отырған. Арасында ұрланған көліктерге де құжат жасаған. Оны сатып алған азамат көліктің заңды тіркелгеніне еш күмән келтірмеген», – деді Медеу аудандық ІІБ полиция бөлімі басшысының орынбасары Дәулет Сәмбетов.

20160227114449

Полицейлер күдіктілердің баспанасынан қылмыстық бағытта пайдаланылған оргтехниканы тапты.

20160227114423

Қазір олар уақытша қамау изоляторына жіберілді.

Алаяқтардың бар-жоғы 20 көлікті осылай сатқаны анықталды.

20160227114454

Полицияның пайымдауынша, жапа шеккен азаматтардың саны одан да көп болуы мүмкін. Құқық қорғаушылар олардың әрекетінен алданған азаматтар болса, мына телефонға 254-48-71, 254-48-72 хабарласуын өтінеді.

Талқылау