Құтқарушылар тауда жоғалып кеткен 2 жасар баланы бір күннен кейін тапты (фото)

Сәрсенбі, 15 Маусым , 2016 11:21

Маусымның 13-інен 14-іне қараған түні 00.50 сағат шамасында Іле-Алатау саябағы қызметкері  2014 жылы туған 2 жасар баласының Қаскелең шатқалында жоғалып кеткені туралы хабар түседі. ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел-құтқару отрядының арнайы тобы оқиға орнына бірден жетеді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

4444

Дереу үйге іргелес аумақтар мен 2 шақырым қашықтықтағы жол түгел тінтілді.

Сағат 05.40-та көмекке құрамында 13 адам мен 2 кинологиялық маман бар топ қосылады. Таң атысымен жолдың жанынан баланың аяқ киімі табылған. Жолға жақын маңдағы өзен арнасы да назардан тыс қалмады.

ымым

Сағат 10.35-те іздеуші топтардың бірі кіл бұталы өсімдіктер қаптаған жыра етегінен тастардың арасында ұйықтап жатқан баланы тауып алады. Баланың дереу денсаулығын тексерген дәрілер, оның өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтады.

92e7ad39-b755-4a7b-8a22-e153df124041

Құтқарушылар баланы ата-анасына қайтарды. Туыстарымен бірге құтқарушылар да баланың табылғанына шын жүректен қуанды. Өйкені, тау өзені сарқырап ағып жатқан, түнгі ауа температурасы 10 градустан кем емес аумақта кішкентай баланы тірі әрі дені сау күйінде табу мүмкін емес нәрсе екен. Олар бұған өз тәжірибелерінен толық кепілдік бере алады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

40
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар