Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қошқар көтеру бойынша жаңа рекорд орнатылды

Бүгін Астана алаңында Наурыз мерекесіне орай салтанатты шара ұйымдастырылып, қазақтың ұлттық ойындары бойынша жарыс өтті. Оның ішінде қазақ күресі, қошқар көтеру, көкпар, ләңгі тебу, бағанаға шығу бар, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20170322201027

Іс-шара қалалық «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Жарыс сағат 10:30-дан басталды. Көзді «тойдырған» ойындардың бірі – қошқар көтеру болды. Себебі ойын барысында Хамит Базилов пен Александр Зеленченко есімді қатысушылар жаңа рекорд орнатты. Олар салмағы 40 келі болатын екі қошқарды 230 рет көтерді.

«Ең алдымен барлық тұрғындарды бүгінгі мерекемен құттықтағым келеді, Бұл расында да мен үшін қуанышты күн. Мен қошқар көтеруден бірінші орынды ұттым. Өткен жылы да малды бәрінен артық, яғни 200 рет көтердім. Ал биыл өз рекордымды жаңартып, 230 рет көтердім. Ол үшін көп жаттықтым. Одан бөлек ауыр атлетикамен және жүгірумен айналысамын», – дейді жарыс жеңімпазы Хамит Базилов.

Сондай-ақ, қазақ күресі мен бағанаға өрмелеу ойындары қызықты өтті. Кілемшеде 7 мен 10 жас аралығындағы балалар және салмағы 60 келіден жоғары болатын еріктілер бақ сынасты. Ал бағанаға ең батыл әрі сенімді қатысушылар өрмеледі.

IMG_3318

Одан бөлек, каскадерлік «Номад» тобы атпен бірге түрлі өнер көрсетіп, қала тұрғындарын тәнті етті.

Бұл күні балаларға сыйлықтар мен тәттілер табыс етілді. Олар ән айтып, өлең оқып, әртүрлі байқауларға қатысты.

IMG_3208IMG_3364

Жіберіп алмаңыз:

Американдық азамат қазақтың ұлттық ойындарын ойнап жүйке ауытқуына ұшырады (видео)

Мұсылман ханзадасы әлемнің ең тартымды бойдақ жігіті атанды (фото)

Сапарбаевқа бие сүтінен жасалған шоколад сыйға тартылды

Алматы-Ташкент жүрдек пойызы бірінші рейске аттанды

Талқылау