Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көше бойында туындаған төбелеске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Алматыда Шолохов көшесінің бойында болған төбелеске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

pogudx51o0nbqo7eu.4f632923

2016 жылы 16 қаңтар күні сағат 13.30-дар шамасында Түркісіб ауданының Ішкі істер басқармасына 1976 жылы туған азамат келіп, жолда төбелес шығарған адамның үстінен шағымданған.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 бабының 1 тармағы бойынша (бұзақылық) сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне енгізілді. Бұл оқиға сағат 13:00 шамасында Шолохов көшесі бойында, Сейфуллин даңғылының шығыс жағына таяу тұста орын алған. Екі автокөлік те батыс бағытта келе жатқан. Бұл жерде қақтығыс жолай келе жатқан көліктің бейнекамерасына жазылып қалған. Бұл бейнетаспа енді тергеу аясында мұқият зерттеледі. Ол сотқа дейінгі тергеу материалдарына қосылды.

“Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деді осыған орай Түркісіб аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Данияр Меңдібаев.

Арада көп уақыт өтпей, аудандық ішкі істер басқармасына «Б» есімді азаматтан екінші қайтара арыз келіп түскен. Онда ол үстінен арыз түсірген азаматқа қатысты ешқандай арыз-талабы жоқ екендігін айтқан. Сондай-ақ, арыз беруші сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан.

Соған қарамастан, тергеу амалдары жалғастырылуда.

Талқылау