Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда кеден қызметкері екі жұп итальян туфлиін ұрлап ұсталды

Алматыда Көлік полициясы бөгденің мүлкін ұрлағаны үшін Алматы қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты «Жетісу» кедендік бекетінің қызметкерін ұстады.

20160120132020

Бұл туралы бүгін Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылы 19 қаңтарда жедел-іздеу шаралары барысында полицияның Алматы халықаралық әуежайындағы Желілік бөлімінің криминалды полиция қызметкерлері Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты «Жетісу» кедендік бекетінің қызметкерін ұстады. Тінту барысында одан итальяндық екі жұп ерлер аяқ киімін және шет елдік бұрғылау қондырғысының қосалқы бөлшектері тәркіленді. Ол заттарды Алматы қ. әуежайындағы уақытша сақтау қоймасынан ұрлаған.

«Ұсталған азаматтың кінәсі бейнекамера жазбалары арқылы расталды. Келтірілген залалдың сомасы анықталуда. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-ші бабы бойынша (бөгденің мүлкін ұрлау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Талқылау